Главная Новости ҚазИТУ жастарының «Shańyraq» еріктілер клубы аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті
28 қаңтар 2020                  318826
ҚазИТУ жастарының «Shańyraq» еріктілер клубы аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялаған еді. Мемлекет басшысы атап өткендей, «2020 жыл бүкіл ел ауқымындағы қайырымды істер жылы. ҚазИТУ жастарының «Shańyraq» волонтерлр клубының «Біз біргеміз!» акциясы кезекті қайырымды істердің жалғасы болмақ. «Біз біргеміз!» акциясы аясында клуб жетекшілері мен студенттер 27 қаңтар күні аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті. Алматы қаласының тұрғыны Жубаниязова Айгерім 4 баланың анасы. Көп балалы ана жалдамалы пәтерде тұрады. 3 баласы мектеп жасында. Күнделікті азық-түлік, балалардың киімдері мен пәтер ақысын төлеу қиынға соғуда. Жолдасы денсаулық жағдайына байланысты жұмыссыз.

ҚазИТУ студенттері аталған отбасыға күнделікті азық-түлік пен Айгерім апайдың жолдасына қажетті дәрі мен балаларға киім-кешектер апарып бір қуантты. Отбасы мүшелері студенттерімізге ақ жарма тілегін айтып, өз алғысын білдірді.

Студенттер жүрек түкпіріндегі мейірімділік, қайырымдылық сезімін барынша оята білген шара жақсы әсер қалдырды. Елімізде көмекке зәру отбасылар өте көп. «Shańyraq» еріктілер клубының «Біз біргеміз!» акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады. Осы мақсатта барлық ҚазИТУ ұжымын аталған акцияны қолдауға шақырамыз!