Главная Кафедры Social and humanitarian disciplines and world languages Новости кафедры Нұртөре Жүсіптің «Мың құмырсқа және біз» кітабы оқырман назарында
05 april, 2017                  318788
Нұртөре Жүсіптің «Мың құмырсқа және біз» кітабы оқырман назарында
ҚазИТУ-дың әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Әлібекқызының басшылығымен мен «Жас оқырмандар» клубының ұйымдастыруымен әдеби кеш өтті. Көрермендерге үлкен әсер қалдырған танымдық кешті оқытушы-эдвайзер Сая Жақанова топ студенттерімен дайындады.

ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Құрмет» орденінің иегері, республикалық «Айқын» газетінің Бас редакторы, белгілі публицист-журналист Нұртөре Жүсіптің «Мың құмырсқа және біз» атты кітабын ҚазИТУ-дың студенттері қызығушылықпен оқыды. Осы кітаптағы автордың публицистикалық ма-қалалары желісінде студенттер көрініс қойды.

Автордың сөзін Сұран Айым оқыды. Кітаптағы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Сенат депутаты Нұрлан Оразалиннің «Бүгінгі көсемсөз» деген алғы сөзін Абуов Рахат Нұрлан жазушының дауыс ырғағымен келтіріп, жаншып айтатын, жаныңды жасытатын, жаны ашып, қаныңды тасытатын, қатты айтып, қалғып бара жатқан қоғамдық сананы осылай қайрамаса да болмайтынын халыққа жеткізе білді.

Ал Атлант мұхиты үстінде мың құмырсқа қалқып келе жатқанын, жай келе жатпағанын, қыз-қыз қайнаған тіршілік, дән тасып, жапырақ арқалап, жұмысқа жегіліп, асау толқынға жанталаса қарсылық көрсетіп, не керек, ӨМІР мен ӨЛІМ арасында арпалысып жатқан Мұхит суына бат¬пай, тіршілігі де тоқ¬тамай, жа¬ғалауға жеткенше өмір үшін жанталасып, жағаға жеткесін құмырсқа қыбыры да, жыбыры да тоқтамай келе жатқанын көрген Нұртөре Жүсіп мынандай ойға келеді. Мың құмырсқа неге мұхит суына батпайды? Неге ыдырап кетпейді. Құдайдың құдіретін қараңыз: бір-бірімен тығыз байланысқан құмырсқалар толқын ұрғанда алдыңғы екі аяғымен бір-бірін қармап алады екен, соның арқасында олар асау толқынға сал секілді қарсыласады, араларына су кірмейді, қалтқы тәрізді қалқи береді; сөйтіп, жатып тіршілік жасауын тоқтатпайды. Ойға шомып, төмендегі сұрақтарға жауап іздейді.

Біздің қазаққа осы мың құмырсқаның бірлігі бұйырмаған ба?».
Жаһандану жағдайында қазақ ұлтын қандай құндылықтар құтқарады?
Елдік намыс пен мемлекетшіл көзқарас қалай қалыптасады?
Тәуелсіздікті тұрлаулы етудің тетіктері қандай?
Мемлекеттік тілдің мерейін қалай көтереміз?
Ұлттық идея дегеніміз не?

Осындай өзекті ойлар мен сауалдарды арқау еткен бұл мәселелерге терең әрі жан-жақты талдау жасағанын, болашақ өмірге үлкен үмітпен қарайтынын, Нұртөре Жүсіптің «Біз ХХІ ғасырға еркін ел, еге¬мен мемлекет, еңселі жұрт бо¬лып есік аштық. Өткенге де, Өлгенге де салауат! Өшкен жоқпыз, Өстік. Біз әлі қаулай¬мыз, қайта кӨктейміз! Жанған оттай лаулаймыз, ешкімді сөк¬пейміз. Енді біздің қазақты ешкім де қолынан қаға алмай¬ды, жолынан шаба алмайды. Ей, уақыт! Ей, заман! Көзіңді ашып қазаққа қара: ескен жел¬дей, көшкен сеңдей, қиындықты еңсеріп, қайратты жиып бел¬сеніп, біз келеміз!» деген жалынды сөздерімен Дәулеткелді Тұрар Нұртөре Жүсіптің образын нақышына келтіре сомдап, халықты өзіне қарата білді.