Главная Новости Белсенді студенттермен кездесу
04 ақпан 2020                  318761
Белсенді студенттермен кездесу

5-ақпан 2020 жыл Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде ректор Г.А.Сарсенбекованың белсенді студенттермен кездесуі өтті. Алтын белгі, президенттік шәкіртақы иегерлері, топ старосталары мен Жастар ұйымдары комитетінің белсенді студенттері ректор қабылдауында болды. Кездесу барысында алдағы уақытта университетте жүзеге асырылатын іс-шаралар жайы талқыланды. Соның ішінде ғылыми-иновациялық орталықтың ашылуы мен студенттердің ғылыми жобалармен айналысу маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар студенттерден университеттің ішікі тәртібі, оқу барысы мен құрылымдық бөлімшелердің қызмет көрсетуіне байланысты сауалнама алынды. Студенттер Гүлнар Әлібекқызына бірнеше сұрақтар қойып, өздерін толғандырған мәселелердің шешімін тапты.