Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ-да «Мәңгілік ел» идеясы – дамудың басты құндылықтары атты ғылыми-практикалық конференцияның жеңімпаздары анықталды
04 сәуір, 2017                  318746
ҚазИТУ-да «Мәңгілік ел» идеясы – дамудың басты құндылықтары атты ғылыми-практикалық конференцияның жеңімпаздары анықталды
2017-жылдың 04 сәуір айында ҚазИТУ-дың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел» идеясы – дамудың басты құндылықтары тақырыбында студенттер мен жоғары сынып оқушылары арасында ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция ЭКСПО-2017-ге арналды. ҚазИТУ-дың оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры, ӘГП кафедрасының меңгерушісі Г.Ә.Сәрсенбековнаның кіріспе сөзімен ашылды.

Конференция жұмысында модератор міндетін атқарған тарих пәнінің оқытушылары А.Б.Нұртазаева және Ж.Ж.Несипбаева екі секцияда (1.Тарих және гуманитарлық ғылымдар 2.Лингвистика) қатысушылардың «Менің болашақ мамандығым» тақыбырындағы конкурстық эссе жұмыстарын қадағалады. Комиссия жұмысына кафедра оқытушылары: доцент А. Сарымсақов, магистр М. Чаяхметова, магитср А. Елеубаев, доцент Қ. Тойбаева, А. Маемгенова, доцент Р. Әбдісүлейменова қатысып, жұмыстарға баға берді.

Үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткен конференция жұмысына 50-ден астам мектеп және колледж оқушылары, университет студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар қатысты.

Ғылыми-практикалық конференцияда сөз дәлдігімен, ақыл-ой зеректігімен, мамандығына деген құрметпен ерекше көзге түскен «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының 1 курс студенті Батай Меруерт І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қатысушылардың терең мағыналы, сапалы жұмыстарының көптігі соншалық, ІІ дәрежелі дипломға: Э.Орынбасарова (ҚазИТУ), З.Алтаева (Авимед колледжі), М.Зияданова (ҚазИТУ);

ІІІ дәрежелі дипломға: А.Мусаева (169 мектеп), К.Степонец (ҚазИТУ колледжі), Д.Бакрямова (ҚазИТУ), А.Жумаханов (ҚазИТУ колледжі) ұсынылды. Ал қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.

Аталған конференция болашақ маманның ғылыми көзқарасының қалыптасуына, ойының дамуына зор әсер ететіні даусыз. Мектеп және колледж оқушыларын дайындап, жетекшілік еткен ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз! Конференцияға атсалысқан оқушылар мен студенттерге алғысымызды білдіреміз!