Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ-да «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»-атты әдеби кеш өтті.
20 ақпан 2020                  318954
ҚазИТУ-да «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»-атты әдеби кеш өтті.
Ұлтымыздың дара туған ұлы перзенті - хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақпан айының 10 жұлдызында, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты шығармашылық әдеби кеш өтті.

Әлеуметтік гуманитарлық-пәндер кафедрасы мен Жастар Ұйымдары комитетінің белсенді студенттері ұйымдастырған кешке оқытушы-профессорлық құрам мен студенттер қатысты.

Университет ректоры Г.А.Сарсенбекова кеш шымылдығын ашып, өз сөзінде: «Жаһандану заманында жастардың Абайдың шығармашылығына қызығушылық білдіруі маңызды. Қазақ ақынының көпқырлы шығармашылығы жастарды Отанға деген махаббатқа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйретуде үлкен рөл атқаратын Абай мұрасы халқымен бірге мәңгі жасамақ.Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абайды ұлықтап, мерейлі мерейтойын мемлекет көлемінде атап өту рухани құндылықтарымызды одан сайын арттыратыны сөзсіз»- деп университетіміздегі Абайдың 175 жылдығына орай атқарылып жатқан шаралар мен жобаларға тоқталды.

Абайға арналған кеш барысында Студенттер Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, әндерін әуелете шырқады.

Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбын кең көлемде, терең мағанада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген. Осы орайда Абай мен Тоғжанның арасындағы шынайы ғашықтық сезімін бейнелеген студенттер көрінісі көпшілікке тамаша әсер сыйлады.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!