Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ оқытушылары мен студенттері кәсіби бағдар беру жұмысына қызу кірісті
10 сәуір, 2017                  321014
ҚазИТУ оқытушылары мен студенттері кәсіби бағдар беру жұмысына қызу кірісті
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары мектеп және колледж бітірушілеріне инженерлік және технологиялық мамандықтары жөнінде кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

6 сәуір күні оқытушылар Талғар аудандық Политехникалық колледжінде таңғы сағат 9.00-дан 13.00-ге дейін кең бағдарлама бойынша: мамандықтар бойынша мастер –класс; кездесу; сұрақ-жауап; презентациялық материалдармен лекция-семинар жүргізді. Ал 7 сәуір күні кешкі сағат 17.00-19.00 арлығында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және жаратылыстану ғылымдар пәні кафедрасының оқытушылары Алматы Оқушылар сарайында «Оқушылар ата-аналары қауымдастығы» ұйымдастырған шараға қатысып, 500-ге жуық Алатау аудандық мектеп оқушыларына, ата-аналарына буклеттер таратып, ҚазИТУ-да оқытылатын университет, колледж мамандықтарына байланысты қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді. Оқытушылар ата-аналар мен оқушыларға мамандық таңдауда ақыл-кеңес беріп, өз мумкіндіктерін тиімді пайдалануына бағыт бағдар берді. Жұмыс барысында лотореялық билеттер толтырылып, бітірушілер университет туралы ақпараттармен қамтамасыз етілді. 8-сәуір күні өтетін ҚазИТУ-дың «Ашық есік күніне» шақырылды.

ҚазИТУ ұжымының кәсіби бағдар беру жұмысы әрі қарай жалғасын таппақ.