Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «English club» үйірмесінің кезекті іс-шарасы өткізілді
03 наурыз, 2017                  318692
«English club» үйірмесінің кезекті іс-шарасы өткізілді
Ақпан айының 16 жұлдызында «English club» үйірмесі жетекшілерінің ұйымдастыруымен Шекспирдің «Ромео және Джульетта» пъесасы бойынша университет студенттерінің қатысуымен қойылым көрсетілді. Негізгі мақсаты студенттер арасында ағылшын тілін жетік меңгеру үшін бағыт-бағдар беру.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында көрсеткендей төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту жөнінде, яғни білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге, соның ішінде ағылшын тілін меңгеруді атап өткен.

Іс-шара барысында студенттердің білім дағдысын арттыруда қазақ халқының салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтар қойылды. Қойылым арқылы білім алушылардың кәсіби шеберліктері байқалды. Студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылықтары артып, әр түрлі ойындарға қатысып белсенділіктерін көрсетті.