Главная Новости Жаңарған ұлт - жаңғырған ел жетістігі
10 қыркүйек 2020                  318761
Жаңарған ұлт - жаңғырған ел жетістігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халықна Жолдауында елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырған болатын. Қазақстан иженерлік-технологиялық университетінде жолдауда айтылған мақсаттар мен міндеттеруді талқылау бойынша эдвайзерлік сағаттар өтті. Жолдауда айтылған мақсаттарды сараптай келе эдвайзерлер студенттерге ұлтымыздың сапалы әрі салауатты өмір сүруі мен өмірде жаңа дағдыларды қолдану үшін мына тұжырымдарды келтірді. 1. «XXІ ғасыр ұрпағы терең білімді болуы қажет», себебі, білімді азамат биік шыңдарды бағындырады. 2. «Жастар талмай еңбек етуге дағдылану қажет» 3. «Кез келген істің басында кәсіби маман болуы қажет» 4. «Темірдей тәртіп пен жоғары жауапкершілік барлығымыздың бойымыздан табылуы қажет» 5. «Әділдік- қоғам дамуының басты шарты, ол мемлекет дамуында басты роль атқарады» 6. «Адалдық, шынайылық,үнемділік қасиеттерін дәріптеу қажет»

Осы тұжырымдарды қорытындылай келе барлығы тәрбиеге сыйып тұрғанын аңғаруға болады. Егер халқымыздың ұлы перзенттері - әл-Фараби мен Абайдың шығармаларының едәуір бөлігі ұлттық педагогика мәселелеріне арналған болса, онда қазіргі қоғамның басты міндеті - ажырамас тұлға тәрбиелеу. Ал егер сіз отбасылықтан бастап халықтық тәрбиеге мән бермесеңіз, онда қаншалықты білімді, ұлы ғалым, мемлекет қайраткері болған азамат болса да, халық үшін ол ешқашан беделді, лайықты тұлға бола алмайды. Жолдауда көрсетілген ұлттың жаңа сапасы мен халқымыздың дамуының жаңа парадигмасы отбасылық бастаулардан, егемен ел азаматтарының санасына тән тәрбиеден ұлттық рух арқылы қалыптасады.