Главная Новости Спорттық Алматы, спорттық КазИТУ
16 қыркүйек 2020                  318859
Спорттық Алматы, спорттық КазИТУ

Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде. Қазақстандық спортшылар соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерді көрсетіп келеді. Мемлекеттің өзі беделді халықаралық жарыстарды өткізетін орынға айналуда. Бұл Қазақстанда спорт мәдениетінің жоғары деңгейде дамуының әлемдік мойындалуын көрсетеді.

Колледжіміздің студенттері білімі мен қатар денсаулықтары да мықты әрі үнемі даму үстінде болу үшін Алматы күні қарсаңында КазИТУ колледжі студенттерінің арасында «Спорттық Алматы, спорттық КазИТУ» тақырыбында онлайн байқау өткізілді.

Студенттерден онлайн түрде видеоматериалдар қабылданды. Көптеген студенттер атсалысып, әсіресе 1 курс студенттері ерекше көзге түсті. Арнайы комиссияның сараптауы бойынша үздіктер анықталды.

Ер балалар арасында Борихан Маликов, Ерболат Мұрат, Сәрсенбай Диас, қыздар арасында Миятбек Жания, Малыбай Жансауле, Тоқтарбай Арайлым, Мырзабаева Гүлдана және Гарина Анастасия жүлделі орындармен марапатталды.

Спорттық жарысқа белсене қатысқандары үшін басқа да студенттерге мақтау қағаздары табысталды.

Атсалысыр қатысқан барлық студенттерге ҚазИТУ колледжі атынан алғыс білдіреміз!