Главная Новости Білім күні
1 қыркүйек 2020                  318819
Білім күні

Білім күні – мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі. Оқу орнына келіп, жақсы білім алу – оқушының ең басты міндеті. Білім күні – бұл ең алғаш қоңырау, көп әсем гүлдер күні, әрине, дәстүрлі ең алғаш сабақ, әлем сабағы. Студенттер үшін бұл күн өте маңызды, көптен күткен күн. Юлий Цезарь: «Білім – ол қуат» деген.

Бүкіләлемдік Білім күні – бірінші қыркүйекті тарихта осылай атаған. Бүкіләлемдік, өйткені оқу ордасы ең маңызды әлеуметтік институт, бұл күні балаларды да, ересектерді де бірлестіріп осы шараға жинайды. .

Күздің бірінші күні - еліміздің барлық білім беру мекемелерінде оқудың басталғандығының белгісі. Жоғарғы курс студенттері өздерінің бірінші оқу күндерін дәрісханаларда өткізбесе де, бірінші курс студенттері салтанатты жиналыста оқу ордамызбен тікелей келіп таныспаса да барлығы онлайн түрде жүргізілді. Дәстүр бойынша іс-шара «Білім күні» салтанатты түрде ZOOM платформасы арқылы өтілді. .

Алдымен құттықтау сөз колледжіміздің диреторы Шалабаева Майра Хусаиновнаға берілді. Ол студенттерге оқу ордамыздың қызметі мен жетістіктері, атап айтқанда, ұлттық және халықаралық рейтингтердегі жоғары нәтижелер мен колледжде даярланатын кәсіби кадрлардың жақсы деңгейде екені туралы айтып өтті. .

Жаңа келген білім алушылардың жүздерінен қуанышты байқауға болды, себебі бұл сәтте әрбіреуі бір эмоцияда болды десе де болады, белгісіз ұжымда қалай қабылдар екен, оқу жылдарында қандай жетістіктерге қол жеткізер екенмін деген сауалдар мазалады. .

Биылғы оқу жылы ерекше. Елімізде орын алып жатқан жағдайларға байланысты қашықтықтан оқыту ережелері сақталып, әр студент өз үйінде, онлайн түрде білім алуда. Жаңа оқу жылында білім алушы студенттерімізге толағай табыс пен үлкен жетістіктер тілейміз. Бағындырар белестеріңіз көп болсын! .