Главная Новости «Шақырылған қонақ» бағдарламасы аясында дәріс сабағы өтті.
11 қазан 2020                  318808
«Шақырылған қонақ» бағдарламасы аясында дәріс сабағы өтті.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Экономика және Қаржы кафедрасында «Шақырылған қонақ» бағдарламасы аясында «Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері» атты дәріс сабағы өтті. 1-курс студенттеріне арналған лекцияны Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің белді қызметкері Бірімбетова Нурсауле Жанахметова жүргізді.

Дәріс-сабақты өтудегі негізгі мақсат 1-курс студенттеріне «Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша кең мағұлмат беріп, болашақ мамандарды қазіргі қоғам өмірінің экономикалық-басқару проблемаларымен таныстыру, олардың мемлекеттің экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатысу қабілеттілігін дамыту болып табылады.

Екі бөлім бойынша өткен онлайн сабаққа студенттер белсенді қатысты. Дәріс-сабағының бірінші бөлімінде студенттерге жалпы экономика саласы мен студенттердің терең кәсіптік білім алып, экономикалық теорияларды қаржы жұмысының практикасымен ұштастыру сияқты тақырыптар айтылса, екінші бөлімде Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, қоғам санасының өзгеруі бизнес, өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, пандемияның ел экономикасына әсері секілді актуалды тақырыптарда студенттерге пайдалы ақпараттар берілді.

Дәріс барысында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, елімізідің экономикалық мәселелеріне қатысты пікірлерді талқылады.