Главная Новости «Рухани жаңғыру» жобасы аясында экскурсия өткізілді
02 қараша 2020                  318831
«Рухани жаңғыру» жобасы аясында экскурсия өткізілді

Рухани жаңғыру жобасы аясында колледжіміздің тарих пәні оқытушысы Такен Қарақат Қуанышқызы жоспарланған экскурсияға барып қайтты. Колледж студенттеріне арналған экскурсия Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың үй – мұражайында болды.

Бір сөзінде Сабит Мұқанов «Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет» деген еді.

Бұл мұражайдың болашақ ұрпаққа айтары және берері көп, сондықтан мұражайларды аралау қажет және болашаққа нық қарау үшін, алдымен тарихымызға үңілу керек екенін айта кетті.