Главная Новости Қала деңгейінде ашық сабақ өткізді
04 қараша 2020                  318824
Қала деңгейінде ашық сабақ өткізді

Қазіргі кезде заманауи талапқа сай білім беру жүйесі арнасы үштілділікке бет бұрған шақта жан-жақты шығармашылдықпен, жаңа бастамамен жұмыс жасайтын жас ұрпақ қалыптастыру  - оқытушылар қауымы үшін де аса маңызды қадам болып отыр.

Өмірлік қажеттіліктен туындаған «Үш тұғырлы тіл» идеясы - физика  пәнінің зерттеу әдістерін ғылыми, пәнаралық, интерактивті әрекет жасау арқылы оқушының жалпы ғылыми ойлауын, көзқарасын қалыптастыру негізінде бәсекелесікке қабілетті белсенді ұрпақ дайындау.

ҚазИТУ колледжінің физика пәнінің оқытушысы Ақжүніс Омарқызы жаңа білім беру жүйесін қолдана отырып, ағылшын тілінде сабақ өтті. Сабақ барысында физика пәнінің терминдерін студенттерге ағылшын тілінде айтқызып, әр сабақ сайын жаңа терминдерді жазғызып отырады.

Үш тілді меңгеру оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, өркениетті мәдениетке ден қойып, ғылым саласындағы әлемдік жаңалықтарды алғашқылардың бірі болып білуіне негіз болады. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілділік оқытуға көңіл бөлу–бүгінгі заман тапсырысы болып табылады. ҚазИТУ колледжі заманауи талапқа сай білім беру жүйесін іске асыруда.