Главная Новости «Абай шығармаларындағы табиғат көрінісі» тақырыбында сурет байқауы
29 қазан 2020                  318803
«Абай шығармаларындағы табиғат көрінісі» тақырыбында сурет байқауы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған колледж ішілік «Абай шығармаларындағы табиғат көрінісі» атты сурет байқауы өз жалғасын табуда. 2020 жылдың 6 қазанында бастау алған байқауға колледж студенттері белсенді қатысуда. Байқаудың мақсаты: Абайдың өлеңдерін шығармаларын жас ұрпаққа дәріптеу және өнегелі тәлім-тәрбиесін өз бойымызға сіңдіру.

Байқаудың басты талабы Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы табиғат көрінісін суреттеп салу. Байқау межесіне жетуіне аз ғана күндер қалды. Алдағы уақытта ұйымдастыру комитеті жолданған видеоларды қазылар алқасына ұсынатын болады. Әрі қарай байқаудан 3 үздік сурет таңдалып, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталады.