Главная Новости «Қазақ философиясындағы әль-Фараби мұралары»
20 қараша 2020                  318755
«Қазақ философиясындағы әль-Фараби мұралары»

18 қараша 2020 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ философиясындағы әль-Фараби мұралары» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге философия ғылымдарының докторы,философия ,саясаттану және дінтану институтының философия бөлімінің меңгерушісі, «Әл-Фараби» журналының бас редакторы Құрманғалиева Ғалия Құрманғалиқызы және университетіміздің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстел қонағы Фарабитану мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеу, оларды жастарға оқыту, насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шаралар туралы мазмұнды ақпарат берді.