Главная Новости «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңалықтар» тақырыбында семинар өтті
11 желтоқсан 2020                  318822
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңалықтар» тақырыбында семинар өтті

11 желтоқсан күні «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңалықтар» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға колледждің оқытушылар құрамы қатысты. Семинар барысында директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Төленді Олжас Маратұлы 2021-2022 оқу жылындағы техникалық және кәсіптік білім берудегі тың өзгерістер туралы баяндап берді. Атап айтқанда: дуальдық оқыту жүйесін дамыту, жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, зертханалық орталықтарды жаңашаландыру тағы басқа бағыттар бойынша жұмыстарды атқару. Семинар соңында оқытушылар өз ойларымен бөлісті.