Главная Новости ҚазИТУ колледжінің студенті «Қолданбалы зерттеулер» номинациясына ие болды
25 желтоқсан 2020                  318884
ҚазИТУ колледжінің студенті «Қолданбалы зерттеулер» номинациясына ие болды

25.12.2020 ж. күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» тақырыбында өткізілген студенттердің қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ҚазИТУ колледжінің 1-курс студенті Сарбекова Аяулым қатысты. Жетекшісі – М. Х. Шалабаева. Математика пәні бойынша «Көрсеткіштік функцияның қолданылуы» тақырыбы бойынша дайындаған баяндамасын Аяулым онлайн тәртібінде қорғап, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Конференция қорытындысы бойынша Сарбекова А. «Қолданбалы зерттеулер» номинациясын иеленіп, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

 Құттықтаймыз!!!