Главная Новости "ЖРВИ тұмауының алдын алу, КОВИД-19" тақырыбында дәріс оқылды
16 ақпан 2021                  318884
"ЖРВИ тұмауының алдын алу, КОВИД-19" тақырыбында дәріс оқылды

16.02.2021ж. ҚазИТУ колледж оқытушылары және студенттеріне арнайы "ЖРВИ тұмауының алдын алу,  КОВИД-19" тақырыбында лекция оқылды. Екі тілде өткен дәрісті оқыған Асмед-2 медицина орталығының қызметкері Бердихан Арайлым.

Лекция барысында: Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келетіндігі, бірақ көптеген жағдайларда бұл кәдімгі респираторлық жұқпаның симптомдары болуы әбден мүмкін екендігі айтылып:

- Түшкіру

- Әлсіздік

- Бас ауру

- Дене қызуының көтерілуі

- Тамақтың жыбырлауы

- Кеуде қуысының ауыруы

- Жүрек қағысының жиілеуі

- Тыныс алудың жиілеуі коронавирустың негізгі белгілірінің бірі болып табылатындығы ескертілді.

Сондай-ақ, КОВИД-19 вирусы екі түрлі жолмен таралады:

- Жөтелгенде, түшкіргенде, ауру адаммен сөйлескенде ауа арқылы;

- Тұрмыстық заттар арқылы жұғады.

Дәріс соңында оқытушылар мен студенттер өз сұрақтар қойып, нақты жауап ала алды.