Главная Новости Состоялся 1 - й тур конкурса «Miss college-2021»
17 февраля 2021                  318829
Состоялся 1 - й тур конкурса «Miss college-2021»

ҚазИТУ колледжінде Жастар ісі комитетінің және «Таланттар Лигасы» жастар  ұйымдарының ұйымдастыруымен «Miss college - 2021» байқауының 1-айналымы өтті. Байқауға 1-курс студенттерінен 13 студент қатысып, бақтарын сынады. Қатысушы студенттер өздерін таныстырып, өнер көрсету сынды кезеңдерден сүрінбей өтті.         

Байқау барысында қазылар мүшесі қатысушлардың шеберлігін, дауыс ырғағын негізге ала отырып, 1-айналымның қорытындысын шығарды. Қазылар мүшесінде өндірістік оқыту шебері Алтынбек Жарылкапулы, физика пәнінің оқытушысы Ақжүніс Омарқызы, жастар ісі комитетінің төрайымы Жұман Томирис, таланттар лигасы жастар ұйымының төрайымы Тоқталы Зейнеп төрелік етті.

Қорытынды шешім бойынша 6 студент келесі айналымға (финалға) жолдама алды. Олар:

  • Иемберген Аяулым
  • Ажибай Дария
  • Сабырғали Толқын
  • Тұрсынбаева Меруерт
  • Рашид Анеля
  • Тойчубек Сабина

2-айналым ақпан айының 26-шы жұлдызында өткізіліп, жеңімпаздарды ұйымдастырушылар екі айналымның нәтижесімен салтанатты түрде марапаттайтын болады.

Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!