Главная Новости ҚазИТУ колледжінде «Инфобілгірлер» топтық сайысы өтті
25 ақпан 2021                  318884
ҚазИТУ колледжінде «Инфобілгірлер» топтық сайысы өтті

ҚазИТУ колледжінің 1-курс студенттері арасында информатика пәні оқытушысы Жансая Әуелбекқызының ұйымдастыруымен «Инфобілгірлер» топтық сайысы өтті.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

  1. Кім жылдам. Бұл кезеңде студенттер «Kahoot» ойыны арқылы сұрақтарға жауап берді;
  2. Білгірлер. Екінші кезеңде ұяшық таңдап, әр топ өз білімдерін дәлелдеді;
  3. Адасқан әріптер. Соңғы айналымда адасқан әріптерді орындарына қойып, шыққан сөздің мағынасын ашты.

Қазылар алқасында отырып, төрелік еткен колледж директоры Майра Хұсаинқызы, директордың оқу тәжірибе жөніндегі орынбасары Олжас Маратұлы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Арайлым Махажанқызы қорытынды шешім шығарып, әділ бағаларын берді.

Қорытындылай келе, «Алғырлар» номинациясымен 1-курс «СМС» мамандығының студенттері Берікұлы Арнұр, Берікұлы Елнұр, Сұлтанғали Анеля марапатталды. «Белсенділер» номинациясымен 1-курс «ТМКӨТжОҰ» мамандығының студенттері Балтабаев Азизбек, Жантасұлы Жарылқасын, Идирисов Бекарыс марапатталды. «Үздік топ» номинациясымен 1-курс ақылы бөлім студенттері Хапез Досбол, Сарсенбай Бағжан, Мәди Ерасыл марапатталды. «Инфобілгірлер» номинациясымен 1-курс «РжБ» мамандығының студенттері Жақсыберген Мирас, Калмахан Нурали марапатталды.

Белсенділік танытып, қатысқан студенттерге Алғысымыз шексіз!