Главная Новости Колледж студенттері демалыс уақытын табиғат аясында өткізді
6 наурыз 2021                  318898
Колледж студенттері демалыс уақытын табиғат аясында өткізді

ҚазИТУ колледж студенттері Жастар ісі комитетінің ұйымдастыруымен Түрген шатқалына барып, демалыс уақытында табиғат аясына шығып, уақыттарын тиімді пайдаланды.

Табиғат аясында өткен демалыс барысы қызықты ойындар мен түрлі жарыстарға толы болды. Студенттер мен оқытушылар салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы көңіл көтеріп қайтты.

Түрген сарқырамасы – Іле-Алатау ұлттық саябақтың құрамындағы сұлу шатқал. Қазіргі таңда қазақстандық жəне шетелдік туристер баратын орындардың біріне айналғаны баршамызға мəлім.

Таудың табиғатына тамсанған студенттер, таза ауада серуендеді, естелік үшін суретке түсті. Студенттер табиғат аясындағы демалысынан үлкен əсер алды.