Главная Новости Ректордың белсенді студенттермен кездесуі өтті
22 наурыз 2021                  318943
Ректордың белсенді студенттермен кездесуі өтті

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар ұйымдары комитетінің белсенді студенттерімен ректор Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызының кездесуі болды. Кездесу онлайн және оффлайн форматта санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Аталмыш шараға студенттермен қатар, оқытушы- профессорлар құрамы, департамент басшылары мен эдвайзерлер қатысты.

Кездесу бағдарламасы бойынша Жастар ұйымы комитетінің 2020 – 2021 оқу жылындағы мақсат міндеттері бойынша жасалған жұмыс есебімен ЖҰК төрағасы Тасымова Алуа өз баяндамасында таныстырды. Жастар ұйымдары комитетінің қашықтықтан оқу кезіндегі іс-шаралары жайлы есебі айтылып білім, спорт, мәдениет бағытында жұмыс атқаратын студенттік топтардың жобалары көрсетілді. Студенттік ұйым қалалық ұйымдармен біріге жұмыс жасап, қайырымдылық акцияларында біздің студенттердің белсенділігі баяндалды. Сонымен қоса белсенді студенттер тобы бекітіліп әлеументтік желілердегі университет өмірі туралы арнайы челендж, конкурстар ұйымдасталғаны жөнінде айта кетті.

Кезедесудің екінші бөлімі студенттер ұсыныстарын тыңдау болды. «Маркетинг» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті, «Алтын белгі» иегері, Жастар ұйымы комитетінің мүшесі Ертуғанов Бақдаулет университет қабырғасында «Коворкинг» орталығын ашу туралы өзінің ұсынысын білдірді. Бұл ұсыныс, студенттердің сабақтан тыс уақытында үй тапсырмасын орындауға ыңғайлы жағдай жасауға, бос уақыттарында кітаптармен алмасып, пікір алмасуға, спорттық ойындар ойнауға және ең бастысы студеттерің бір – бірімен жақын араласуға мүмкіндік беретінін алға тартты.

«Туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті, «Алтын белгі» иегері, Жастар ұйымы комитетінің мүшесі – Алибек Айдана, әлеуметтік желідегі белсенділікті арттыру мақсатында арнайы университтің «Инста-маска» жасауға ұсыныс білдірді. Ұсыныс айтылған бойдан ректор тарапынан жаңа ой қослып, осы мәселеде студенттер арасында сайыс ұйымдастыруды тапсырды. Айдананың ұсынысы бірден қабылданып, өз тарапынан осы сайысқа арнайы «Инста маскаларды» дайындаудан көмек көсетітінін айтты.

«Биотехнология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті, грант иегері, Жастар ұйымы комитетінің мүшесі – Тұрлыбек Алуа өз ұсынысын дайындап келді. Алуаның ұсынысы бойынша қазіргі университетімізде бар «КазИТУ travel» жобасын қалалық, республикалық деңгейде дамытып, әлеуметтік желілерде фото байқау ұйымдастыруды ұсынды. Бұл жердегі түпкі ой университет өмірін болашақ студенттерімізге таныстыра отырып, қазіргі студенттерге қол жетімді саяхаттар, туралар ұйымдастыру. «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті, Жастар ұйымы комитетінің мүшесі – Сұлтан Мөлдір студенттер арасында «Мобилография» курсын ашқысы келетіндігін айтып, өзінің білімін студенттермен бөлісуге дайын екендігін жеткізді. Ол өз баяндамасында осы сала бойынша жасаған жұмыстарымен таныстырып, студенттер арасында қызығушылық жоғары екендігін атап өтті. Ректор тарапынан Мөлдірге арнайы курс жоспарын дайындау тапсырылды.

«Маркетинг» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті, Жастар ұйымы комитетінің мүшесі – Бисенбаев Ізбасар «Cast» клубын ашу ұсынысын алға тартты. Клуб мақсаты – студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып, үздік фильмдерді, жаңа киноларды бірге тамашалу. Міндеті – студенттердің қоғамда болып жатқан оқиғаларды біле отырып, өздерінің көрген туындылар бойынша пікір білдіріп, интелектуалы дамуларына септігін тигізу. Игі ұсынысы ректор тарапынан қолдау тауып, қазіргі пндемиялық жағдайға байланысты арнайы платформада студенттермен онлайн кино кешін өткізуге болатындығын атап өтті. Барлық ұсыныстар мен талап-тілектерді тыңдаған Гүлнар Әлібекқызы студенттердің ұсыныстары бойынша жауапты құрылымдық бөлімдерге тапсырмалар беріп, студенттердің қалаулары бойынша жұмыстар жасауды тапсырды. Сонымен қатар университетіміздің басты құндылығы студент екендігін атап өтіп, студенттерді университет өмірінде белсенді болуға шақырды

В Казахстанском инженерно-технологическом университете состоялась встреча ректора Сарсенбековой Гульнар Алибековны с активными студентами комитета молодежных организаций. Встреча прошла в онлайн и оффлайн формате с соблюдением санитарных требований. В мероприятии приняли участие как студенты, так и профессорско - преподавательский состав, руководители департаментов и эдвайзеры.

С отчетом о проделанной работе по целевым задачам комитета молодежной организации на 2020-2021 учебный год по программе встречи выступила председатель КДМ Тасымова Алуа. Был представлен отчет комитета молодежных организаций о мероприятиях за период дистанционного обучения, проекты студенческих групп, работающих по направлений образования, спорта, культуры.

Второй частью встречи было прослушивание предложений студентов. Студент 1 курса образовательной программы «Маркетинг», обладатель знака «Алтын белгі», член комитета молодежной организации Ертуганов Бакдаулет выступил с предложением открыть в стенах университета центр "Коворкинг". Данное предложение позволило создать комфортные условия для выполнения учащимися домашних заданий во внеурочное время, в свободное время обмениваться книгами, обмениваться мнениями, играть в спортивные игры и, самое главное, тесно взаимодействовать друг с другом.

Студентка 1 курса образовательной программы "Туризм», обладатель знака «Алтын белгі», член комитета молодежной организации – Алибек Айдана предложила создать " Инста-маску " специального университета с целью повышения активности в социальных сетях. Как только прозвучало предложение, ректор высказала свое мнение и поручила организовать конкурс среди студентов по этому вопросу. Предложение Айданы было сразу принято и со своей стороны она предложила помощь в подготовке специальных «Масок в Инсте» к этому конкурсу.

Студент 1 курса образовательной программы «Биотехнология», обладатель областного гранта, член комитета молодежной организации – Турлыбек Алуа предложил развивать проект «КазИТУ travel» на городском, республиканском уровне и организовать фотоконкурс в социальных сетях. Идея заключается в организации путешествий, туров, доступных нынешним студентам, представляя жизнь университета нашим абитуриентам.

Студент 1 курса специальности «Туризм», член комитета молодежной организации-Султан Молдир рассказал о своем желании открыть курс «Мобилография» среди студентов и выразила готовность поделиться своими знаниями со студентами. В своем докладе он рассказала о проделанной работе в этой области, отметив высокий интерес среди студентов. Со стороны ректора было поручено подготовить план спецкурса. Студент 1 курса образовательной программы «Маркетинг», член комитета молодежной организации-Бисенбаев Избасар выступил с предложением открыть клуб под называнием «Cast». Цель клуба-эффективно использовать досуг студентов, вместе смотреть лучшие фильмы, новые фильмы. Задача состоит в том, чтобы студенты, осознавая происходящие в обществе события, высказывали свое мнение по увиденным произведениям и способствовали интеллектуальному развитию. Благое предложение было поддержано ректором, отметив, что в связи с нынешней пандемической ситуацией можно провести онлайн-кинопоказ на специальной платформе.

Выслушав все предложения и пожелания, Гульнар Алибековна дала поручения ответственным структурным подразделениям по предложениям студентов и поручила работать над пожеланиями студентов. Также отметила, что главной ценностью нашего университета является студент и призвал студентов быть активными в жизни университета