Главная Новости ҚазИТУ студенттері марапатталды!
10 ақпан 2017                  318715
ҚазИТУ студенттері марапатталды!

Жуырда ғана еліміздің ару қаласы Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада өз мәресіне жетті. Негізі қысқы Универсиада - дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада - Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. 2017 жылғы қысқы Универсиадада 12 спорт түрінен жарыстар өтті.

Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінің студенттері қысқы универсиадада ерікті болып, спортшылар мен ұйымдастырушыларға қолдау көрсетті. Соның бірі «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2- курс студенті Тұрғанбек Ерлан Қазақстан Республикасы студенттік спорт федерациясы және ұйымдастыру комитеті іс-шара барысында көрсеткен ерен еңбегі үшін «Ерікті сертификатымен» марапатталды.

Құттықтаймыз!