Главная Новости ҚазИТУ Байқау кеңесінің отырысы өтті.
9 сәуір 2021                  318934
ҚазИТУ Байқау кеңесінің отырысы өтті.

07 сәуір 2021 жыл Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде байқау кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Онлайн өткен байқау кеңесінің отырысына кеңес мүшелерімен қатар, арнайы сарапшылар мен университет басшылығынан тұратын жалпы саны 11 адам қатысты.
Байқау кеңесінің күн тәртібі төмендегідей болды:
1. «Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Байқау кеңесі төрағасы мен мүшелерін таныстыру.
2. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2020-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
3. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2020-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын толықтырулармен бірге бекіту.

Күн тәртібі бойынша ҚазИТУ ректоры м.а. Г.Сарсенбекова «Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2020-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» баяндамасын ұсынды. Гүлнар Әлібекқызы баяндамасында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2020-2025 жылдарға Даму бағдарламасының жалпы мазмұны мен ағымдағы жағдайды және ұзақ мерзімді мақсаттарды ескере отырып, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің перспективаларын сипаттау, бағдарламаны аналитикалық және болжамдық негіздеу, ҚазИТУ пайымдауы, университет миссиясы, даму бағдарламасының стратегиялық блогы, бағдарламаның қойылған мақсатына қол жеткізу жолдары, күтілетін нәтижелер, даму бағдарламасының мақсатты индикаторлық көрсеткіштеріне тоқталып әр блог бойынша қазіргі таңдағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы 5 жылдықта бағдарламаны іске асырудың стратегиялық жоспарына тоқталды.
Байқау кеңесіне арнайы сарапшы ретінде шақырылған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық Инженерлік Академиясының Президенті, академик, және мемлекет және қоғам қайраткері Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы: «Бүгінгі байқау кеңесінде ұсынылып отырған университтеттің дамуына арналған стратегиясы мазмұнды құрылған. Енді осы стратегияның негізінде, әр блог бойынша өткізілетін іс – шаралардың жоспарын құрып, олардың іс жүзінде жүзеге асырылуын қолға алу қажет. Қазіргі басты мәселе білім берудің сапасын арттыру. Университет студенттері теориялық біліммен қатар, өз мамандықтары бойынша ғылыммен айналысып, тәжірибелік білімдерін шыңдауы қажет. Бітіруші курсқа келгенде студенттерде өз мамандықтары бойынша нақты дағдыларды меңгеріп, сұранысқа ие маман болуы университеттің дамуына зор ықпал етеді» -деп даму бағдарламасына байланысты өз пікірін білдірді.
Байқау кеңесінің мүшесі, профессор, академик, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Саданов Аманкелді Құрбанұлы «Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2020-2025 жылдарға Даму бағдарламасын» жоғары бағалап, ғылым саласын дамыту блогына байланысты ұсыныстарымен бөлісті. Және студенттер мен оқытушыларды«Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мен бірге ғылыми - тәжірибелік тағылымдамаларды бірге өткізіп, ғылыми жобаларға қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, «Орталық Азияның экология және қоршаған орта Ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Сапаров Ғалымжан Абдуллаұлы студенттердің кәсіби біліктілікерін аттыруда өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін жеткізсе, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басқармасының төрағасы Садықов Серік Төлебайұлы даму бағдарламасының алға қойған мақсаттары мен өзектілігіне тоқталып, бағдарламаны іске асыруда әр бастамаларды қолдайтындығын атап өтті.
Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті» ЖШС Байқау кеңесі төрағасы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ғылым департаментінің директоры Сатенбаев Еркін Нышанбайұлы өз сөзінде: «Университеттің даму бағдарламасында, үлкен жұмыстар алдағы уақытта күтіп тұрғаны көрініп тұр, даму жоспалары, дамыту индикаторлары, жоспар бойынша қай жылдар аралығында нәтижелер көрсетілу керек деген сұрақтардың барлығы қамтылған. Менің ұсынысым бойынша даму бағдарламасының паспортына мемлекеттік стратегиялырдың негізінде қайта қарап толықтырулар енгізіп бекіту керек»-деп ұсынысын білдіріп, алдағы уақытта нәтижелі еңбек етуге шақырды.
Сонымен қатар отырыс барысында ҚазИТУ оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов «Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2020-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» таныстырды. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2020-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасына байланысты пікірлер мен ұсыныстар ескеріліп, жиын соңында қаулы қабылданды.