Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры "Дін мәдениет феномені" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
15 сәуір 2021                  318827
"Дін мәдениет феномені" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

15.04.2021 ҚазИТУ-да «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары online форматта философия ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері Анатолий Григорьевич Косиченкомен "Дін мәдениет феномені" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. А.Г. Косиченко барлық дәстүрлі діндер этикалық тұрғыдан адамның рухани-адамгершілігі жағынан эквивалентті (олардың догмалары әртүрлі болса да) екендігін қисынды дәлелдеуге тырысты. Сондықтан, оның пікірінше, діни сенім қоғамды біріктірудің құралы бола алады. Бірақ жаратылыстану ғылымдарының өкілдері онтологиялық өлшемдегі діни дүниетанымдар қазіргі ғылымға қайшы келеді деп қисынды түрде қарсылық білдіреді. Сондықтан осы қарама – қайшылықты жеңетін діннің жаңа формаларын іздеу қоғамның қазіргі рухани өмірінің өзекті мәселесі болып табылады.