Главная Кафедры Engineering of computer, automated and telecommunication system Новости кафедры ҚАЗИТУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫНА ҚЫЗУ КІРІСТІ
27 april, 2017                  318673
ҚАЗИТУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫНА ҚЫЗУ КІРІСТІ
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары 6 сәуір күні таңғы сағат 9.00-дан 13.00-ге дейін Талғар аудандық Политехникалық колледжін бітірушілеріне инженерлік және технологиялық мамандықтары жөнінде кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жүргізіп, кең бағдарлама бойынша: мамандықтар бойынша мастер –класс; кездесу; сұрақ-жауап; презентациялық материалдармен лекция – семинар жүргізді.


Буклеттер таратып, ҚазИТУ-да оқытылатын университет мамандықтарына байланысты қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.


Бітіруші колледж студенттеріне университетіміздің жаңашаланған сайтымен таныстырылып, университет туралы ақпараттармен қамтамасыз етілді. 8-сәуір күні өтетін ҚазИТУ-дың «Ашық есік күніне» шақырылды.


ҚазИТУ ұжымының кәсіби бағдар беру жұмысы әрі қарай жалғасын таппақ.