Главная Новости «Георафиялық алаң» атты интеллектуалдық ойыны өтті
28 сәуір 2021                  318869
«Георафиялық алаң» атты интеллектуалдық ойыны өтті

ҚазИТУ колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» пәндік циклдық комиссиясының ұйымдастыруымен география пәнінен студенттер арасында «Географиялық алаң» атты интеллектуалдық ойыны өтті.

Интеллектуалдық ойынның мақсаты: студенттердің дүниетанымын кеңейту, жаңаны білуге қызықтыру, картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру, тез ойлана білуге үйрету және географиядан алған білімдерін ортаға салу.

Ойын 3 кезеңнен тұрды:

І кезең. Сұрақ-жауап

ІІ кезең. «Географиялық ассоциация»

ІІІ кезең. «Интеллектуалды жекпе-жек»

Қатысушы топтардың жүлделі орындарын тағайындауда кезеңдер бойынша жинаған балдарына қарай  I орынға «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының студенттері ие болса, II орынға «Туризм» мамандығының студенттері, III орынға «Радиоэлектроника және байланыс»,

ақылы қазақ бөлімі мамандығының студенттері ие болды.

Қатысушы топ студенттерін құттықтаймыз!