Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры КазИТУ студенттері университетаралық олимпиадада жеңіске жетті
06 наурыз, 2017                  318700
КазИТУ студенттері университетаралық олимпиадада жеңіске жетті
2017 жылдың 2 наурызында Тұран университетінің ұйымдастыруымен Қазақ тілі пәні бойынша "Мемлекеттік тіл – бірлік тірегі" атты университетаралық олимпиада өткізілді.

1 курс студенттерінің өзге ұлт өкілдері арасында өткен олимпиадада ҚазИТУ студенттері жақсы нәтижеге жетіп, жоғары марапатқа ие болды. Алқа мүшелерінің шешімімен топтық жоба жұмысының көрсеткіші бойынша біздің студенттер 2-орынға қол жеткізді.

Алматы қаласының бірнеше университеттерінің арасында өткен сайысқа студенттеріміз п.ғ.к., доцент Р.Ш.Абдисулейменованың жетекшілігімен Саидахметова Нигара, Сисолятина Ксения, Абдрахманов Майдан қатысып, , Тұран университетінің ректоры, профессор Р.А.Алшанов атынан 2-ші дәрежелі диплом және Қазақстан рекордтар кітабы сыйға берілді. Белсенділігі үшін Абдрахманов Майдан алғыс хатына ие болды.