Главная Новости Ардагерлер ардақты, ақтаңгерім!
8 may 2021                  318897
Ардагерлер ардақты, ақтаңгерім!

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Нұр Отан партиясы филлиалының ұсынысымен, ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекованың қолдауымен, колледж директоры М.Х.Шалабаеваның ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы ардагерлері биылғы жылы да қалыс қалмады. Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.М.Чаяхметова, арнайы пәндер оқытушысы Т.Тұтқышбаева, оқу шебері А.Сарсенов 08.05.2021ж Ұлы Отан соғысына 76 жыл толуымен Ардагерлерді құттықтауға бет алды. ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекованың атынан Бостандық ауданының ҰОС ардагерлері- Н.А.Козючиц, K.Т.Кончиц, А.Тезикбаевқа алғыс хат пен арнайы сый-сияпат ұсынылды.

9-мамыр қазақ даласы үшін Ұлы күн екені сөзсіз. Бұл күн – дара күн, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен дархан даланы бодандықтан азат еткен күн! Әрбір қазақ деп соққан жүрекке еркіндік туын ұстатқан күн!

Ардақты ардагерлерімізді тек сыйлықпен емес, жылы лебіз, жылы сөзбен қуантуға әрдайым дайынбыз! Сол ардақтыларымыздың елім, жерім деп соққан ақ жүрегіне кірбің келтірмей, саусақпен санарлықтай қалған ардагерлерімізді аялайық ағайын.