Главная Новости Бірлескен қызмет туралы шарт жасалды
10 мамыр 2021                  318893
Бірлескен қызмет туралы шарт жасалды

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті Білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет салаларындағы ынтымақтастық, университеттер арасындағы серіктестік жүйесін дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.
Келісімшарт негізінде алдағы уақытта «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен» бірлесе келесі бағыттар бойынша жұмыс атқару жоспарлаунда: Ғылыми орталықтар, зертханалар базасында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми тағылымдамаларды, оқу сабақтарын, кәсіптік практиканы өткізу, оның ішінде "Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы", "Қазақстан-Корея инновациялық орталығы", "Тамақ өнімдерінің технологиясы мен сапасын зерттеу инновациялық орталығы", "Орнықты егіншілікті зерттеу орталығы", "Халықаралық зерттеу орталығы – су хабы", "Вакцинологияның халықаралық зерттеу орталығы","Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталық", "Бау-бақша және көкөніс шаруашылығы" зерттеу орталығы", "Интенсивті бақ" Қазақстан-Нидерланды орталығы", "Ақылды" жылыжай", "Қазақстан-Корея зерттеу орталығы", "Өсімдіктерді микроклональды көбейту зерттеу зертханасы", "Сүт және сүт өнімдерінің референттік зертханасы, "Университеттерін даярлау бағыттары бойынша бакалаврларды, магистрлерді, PhD докторанттарды даярлау;
Қос дипломды білім беру бағдарламаларын, кәсіптік білім беруді іске асыру, жоғары білікті кадрлар даярлау;
Нақты, жаратылыстану, техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қолданбалы, іздестіру, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді, сондай-ақ пәнаралық зерттеулер мен әзірлемелерді орындау;
Идеялармен, ақпаратпен және технологиялармен алмасу үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ келісілген басым бағыттар шеңберінде бірлескен зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру.