Главная Новости Ректордың бітіруші түлектермен кездесуі өтті
25 мамыр 2021                  318902
Ректордың бітіруші түлектермен кездесуі өтті

Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінде қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру диплом жұмысын қорғау бойынша ректор Г.А.Сарсенбекованың 4- курс студенттерімен онлайн кездесуі өтті. Онлайн кездесуге құрылымдық бөлім басшылары, департамент директорлары, кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер мен университеттің 2020-2021 жылғы бітіруші түлектері қатысты.

Кездесуді кіріспе сөзімен ашқан Гүлнар Әлібекқызы университеттің бүгінгі таңдағы ғылыми-иновациялық жаңалықтары, цифрландыруға көшу, жаңа білім беру бағдарламалары, халықаралық байланыстар,жайында қысқаша түсінік беріп,. жеткен жетістіктері мен даму стратегиясы бойынша алдағы жоспарлармен бөлісті. Оқу және академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов 4-курс студенттерінің қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру диплом жұмысын қорғау бойынша жалпы ақпараттармен таныстырды. Академиялық күнтізбеге сәйкес билғы жылға диплом жұмысын қорғау онлайн форматта 02 маусым мен 16 маусым аралығында өтетін болады.

Дипломдық жұмысты қорғау бекітілген қорғау кестесі бойынша ZOOM платформасында онлайн форматта жүргізіледі. Қорғау уақыты (7-10 минут) және комиссияның сұрақтарына жауап берумен қосқанда 15 минуттан аспайды. Барлық бітіруші студенттер плагиатқа қарсы процедурадан өткен жағдайда және ғылыми жетекшінің пікірі болған жағдайда ғана дипломдық жұмысты қорғау рұқсат етіледі. Студенттер қорғау кезінде академиялық және ҚазИТУ студенттерінің кодексін сақтап барлық қабылданған нормаларға сәйкес болуы тиіс. Сонымен қатар барлық дипломдық жұмысты қорғау барысы проктордың бақылауымен жүргізіледі.Дипломдық жұмысты қорғау процедуралары туралы барлық қажетті ақпарат (антиплагиат, қорғау кестесі) MOODLE жүйесіндегі студенттің жеке парақшасында берілген.
Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.