Главная Новости ҚазИТУ студенттерінің Түргенге тамаша саяхаты!
25 апрель, 2017                  318637
ҚазИТУ студенттерінің Түргенге тамаша саяхаты!
ҚазИТУ-да 1 жылдан бері тұрақты жұмыс жасап келе жатқан «KazETU travel» клубы кезекті саяхатын Kivi.kz туристік компаниясымен бірлесе отырып Жетісу жеріндегі табиғаты көз тартарлық әсем орындардың бірі Түрген сарқырамасына жасады.

"Түрген сарқырамасы" – Іле-Алатау ұлттық саябақтың құрамында сұлу шатқалында, Алматы облысының туристер баратын орындарының бірі.

Түрген шатқалында 7 сарқырама бар. Адамдар көп баратыны: “Аюлы” және “Теріскенсу”сарқырамалары. Шатқалда шыңдар жерсілкініс кезінде бөлініп, мұзды кезеңге дейін іздерді сақтаған. Түрген шатқалы тек демалуға ғана емес, емделуге де өте қолайлы жер. Іле Алатауынан бастау алатын Түрген өзенінің ағысы қатты, орташа ағу жылдамдығы 3 м/с. Өзеннің жағалауын қаулай Тянь-Шань шыршасы өседі.

Саяхатқа Алматы қаласындағы бірқатар жоғарғы оқу орындарының 200- ден астам студент барды. Саяхат барысында студенттер сарқыраманың сарқырап аққан суын тамашалап, таудың табиғатына тамсанды, таза ауада серуендеді, естелік үшін суретке түсті. Бұл Аюлы сарқырамасын жұрт кейде «Махаббат сарқырамасы» деп атайтынын біліп қайтты. Көңілді әуендерге билеп,әсем табиғат аясында әуелете ән салып, қызықты ойындар ойнады. Ойын жеңімпазарына арнайы сертификаттар мен мақтау қағаздары табысталды.Дәмі тіл үйірер палаудан дәм татқан студенттердің көңілдері жайдары. Жалпы ҚазИТУ жастары үшін бұл саяхат есте қаларлықтай болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында:«Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»-деген болатын. Осы орайда туған өлкенің табиғатын мамндықтарына сай таныту мақсатында түрлі саяхаттар ұйымдастырып келе жатқан университетіміздің «Туризм» мамндығы студенттерінің еңбегіне алғысымыз шексіз. «Туған жерге деген патриотизмді қалыптастыру біздің басты мақсатымыз», дейді клуб мүшелері. «KazETU travel» саяхатшылыр клубы осы бағытта әрі қарай жұмыс жасап, үлкен игі істерімен қуанта беретініне сенімімз мол.