Главная Новости «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында лекция
14 қыркүйек 2021                  318939
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында лекция

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының Мониторинг және талдау орталығы  «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ҚазИТУ колледж студенттеріне лекция оқыды.

Аталмыш лекцияны философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы оқыды.

Лекцияның басты мақсаты қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе - діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.