Главная Новости Аграрлық сала бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу талқыланды
17 қыркүйек 2021                  318870
Аграрлық сала бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу талқыланды

2021 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 13.00-де Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде ректор Г. А. Сәрсенбекова, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Д. Б.Ақпанбетов, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директор Б. Н. Тәтібеков қатысуымен "ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" басқармасының төрайымы Г. С. Исаевамен, халықаралық байланыстар жөніндегі бас менеджері Д.Сатова және тәуекел менеджері К.Н.Жангозиннің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында ҚазИТУ-дың жетекші ғалымдарының Қазақстанның аграрлық саласы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына бірлесіп орындаушы ретінде қатысуы талқыланды.