Главная Новости «Студенттердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамыту» тақырыбында кездесу
21 september 2021                  318998
«Студенттердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамыту» тақырыбында кездесу

21.09.2021 ж. күні сағат 13:00-14:00-де Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Әлімбекова Ә.М. ҚазИТУ колледжінің 1-2-3 курс студенттерінің аралығында 50 студенттің қатысуымен «Студенттердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамыту» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызы қазіргі таңдағы қоғамның алдында тұрған баста міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың өсуіне жол бермеуіне жұмыс жасалынып жатқанын айтып жеткізді. Бүгінгі таңда өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отырғандығы жайлы және тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескертіп, бұл аса өткір мәселе екендігін түсіндірді. Студенттер тарапынан шақырылған қонаққа тақырыпқа байланысты сұрақ қойылып, қанағаттанарлық жауап алынды.