Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Дисциплины кафедры Саясаттану
Саясаттану

Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Саяси білім негіздерін алу процесінде болашақ мамандардың дүниетанымдық ұстанымдарын қалыптастыру. Саясаттану ғылымының негізгі ұғымдарын, тұжырымдамаларын және бөлімдерін дәйектілікпен қарау; әлеуметтік мәселелерді зерделеу процесінде саяси көзқарастардың тарихи дамуымен танысу; жекелеген саяси идеяларды, тұжырымдамаларды, теорияларды және қазіргі саясаттану проблемаларын талдауды жүзеге асыру; саяси өмірге жауапкершілікпен қатысу; саяси маңызды проблемаларды талдай білу.

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Саясаттың рөлі мен маңызы, әсіресе, азаматтардың дүниетанымдық көзқарастары, мұраттары мен құндылықтары түбегейлі өзгеріске ұшыраған тарихи кезеңдерде артады.

Саясаттану Саяси ойлауды қалыптастыруға, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді, қазіргі қоғам мен мемлекеттің күрделі мәселелерін өз бетінше шешуге, өзінің әлеуметтік және саяси мүдделерін нақты тұжырымдауға және қорғауға үйретеді.

Оқу нәтижелері

Бағдарламаны игеру қорытындылары бойынша білім алушы мынадай оқыту нәтижелеріне (құзыреттерге)ие болады:

  • Қазақстан Республикасының тарихи, мәдени және ғылыми жетістіктерін білу; Тарихи деректер мен арнайы әдебиеттің деректерін пайдалану; тарихи фактілер мен оқиғаларды талдау және бағалау;
  • кең қоғамдық-әлеуметтік, саяси және кәсіби ой-өрісін меңгеру;
  • ақпаратты құрылымдау және редакциялау, қолданыстағы талаптарға сәйкес техникалық және ғылыми құжаттаманы дайындау;
  • пікірталастарда этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылау, өз көзқарасын білдіру, оны дәлелді қорғау, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалау.