Главная Новости Ұстаздар күні мерекесімен құттықтаймыз!
04 қазан 2021                  318912
Ұстаздар күні мерекесімен құттықтаймыз!

Мұғалімдер күні – жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтіледі. Дүниежүзілік мұғалімдер күні жыл сайын 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері тойланып келеді. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар береді. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет әрқашан арта бермек!

Ұстаздар күніне орай 29.09.21, сағат 12-00-де Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы профессор-оқытушыларының  ұйымдастыруымен  «Учитель – Великое имя!» тақырыбында кеш өтті. Кафедра оқытушылары А.Нұртазаева, Р. Дөнесова, А. Асылжановалар қатысты. Кешті жүргізушілер Мархан Еркемай, Нұрланқызы Алмина білімалушылар атынан құттықтау сөздерін әсерлі өлең шумақтарымен хабарлады. Биоинженерия және биоинформатика мамандықтарының студенттері Ғаниқызы Нұрлы Ұстазға арнаған өз өлеңін, Пұшпақ Жанбота «Ана» әнін нақышына келтіре орындап, оқытушылар мен білімалушылардың ризашылығына бөленді. Бір топ студенттердің орындауындағы "Ұстазым" өте әсерлі де, әдемі шықты. Кеш соңында философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ.К. Котошева мен педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Р.Ш. Абдисулейменовалар студенттерге ризашылығын білдіріп, сөз сөйледі. Кешті ұйымдастыруға бағыт-бағдар берген ағылшын пәнінің оқытушысы З.Р.Ұлтарақоваға да көпшілік рахмет айтып тарасты.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!

Барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!