Главная Новости «Jas Otan» ЖҚ бастамасымен сенбілік өтті
08 қараша 2021                  318943
«Jas Otan» ЖҚ бастамасымен сенбілік өтті

Жасыл желек жанға сая. Бабымен нәр берсең, тіршіліктің сәніне айналады. Атадан мал қалғанша, тал қалсын демекші, адам  ғұмырындағы ең үлкен істердің бірі - тал егу. Себебі, бұл – біздің болашақ ұрпаққа және Табиғат анаға жасаған үлкен сый. Осыған орай Бостандық аудан әкімшілігінің ұйымдастырумен және  «Jas Otan» ЖҚ  бастамасымен Жас шыбықтар күтіміне арнап  Алматы бас жоспарының алдында  130 акация талын отырғызып сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке Баймұрат Мұратханұлы және АҚФ “Jas Otan” ЖҚ төрағасы мен жасотандықтар, университет белсенділері қатысты. Сонымен қатар, ҚазИТУ колледжінің «Nur Otan» партиясының хатшысы Т.Ж. Тұтқышбаева атсалысып, акцияға қатысты.

Аталған шараларға  «Nur Otan» партиясы  аудандық  филиалы тарапынан  және Саяси кеңес мүшелерінен қолдау көрсетілді. 

Алдағы уақытта да бұл Сенбілік шаралары аудан деңгейінде ғана емес, жалпы қала жастары арасында да қолдау тауып,  жалғасын таба берсін дейміз.

@nur_otan @nur_otan_almaty @meirzhan_otynshiyev