Главная Новости «FoodExpo» көрмесі өтті
15 қараша 2021                  318946
«FoodExpo» көрмесі өтті

ҚазИТУ колледжінің Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының 4-курс студенттері «FoodExpo» тамақ өнеркәсібі көрмесіне барып, өз білімдерін толықтарып қайтты.

2021 жылдың күзінде FoodExpo Қазақстан мен Орталық Азияның тамақ өнеркәсібінің басты В2В-алаңына айналады, ол саладағы күштердің жаңа болмысқа сәйкес бөлінуін көрсетті. Көрме стендтерінде тамақ өнімдері мен сусындардың жетекші өндірушілері кез келген санаттағы ассортимент қатарын кеңейту үшін Қазақстан ритейліне жаңа өнімдер ұсынды. Көрме сарапшылар қауымдастығының пікірталастарымен, жабдықтардың, ингредиенттердің әлемдік жаңалықтарымен, тамақ өнімдерін дайындаудың өндірістік процестерін оңтайландыру жөніндегі технологиялық бастамалармен, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің тамақ индустриясын дамытудың әртараптандырылған сценарийлерін салалық пысықтаумен толықтырды.

23 жыл ішінде көрме тікелей салалық өзара іс-қимыл алаңынан отандық және шетелдік өндірушілер үшін азық-түлік нарығындағы басты бағдарға, осы саладағы Қазақстанның көптеген бүгінгі көшбасшылары үшін бастау алу нүктесіне айналды, және одан бөлек, FoodExpo Qazaqstan өзіне өңіраралық ынтымақтастық алаң мәртебесін бекітті. Жыл сайын елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін көрмеге жақын және алыс шетел мемлекеттерінің салалық Министрліктері мен ведомстволарының қолдауымен ұйымдастырылған 10-нан астам ұлттық экспозициялар шықты.

Биыл көрмеге Беларусь, Германия, Индонезия, Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және басқа да елдер ұлттық стендтермен қатысып. Қазірдің өзінде Ресей Федерациясының 17-ден астам өңірлік экспорттық орталығы Ресей кәсіпорындарының Қазақстан мен Орталық Азияның бизнес-қоғамдастығымен іскерлік байланыстарын жолға қою үшін ұжымдық экспозициялар қалыптастырды.

FoodExpo Qazaqstan бірыңғай экспобренді төмендегі бағыттар бойынша мамандандырылған салалық көрме экспозицияларының кешенін ұсынады:

  • Тамақ өнеркәсібі – FoodExpo – www.foodexpo.kz
  • Ауыл шаруашылығы - AgroWorld – www.agroworld.kz
  • Суық қойма және логистика – ColdChain - www.coldchain.kz
  • Орау и Орау жабдықтары – QazPack – www.kazupack.kz
  • Қонақ үйлер, мейрамханалар, супермаркеттеге арналған жабдықтар - Horex – www.horexexpo.kz

FoodExpo Qazaqstan 2021 экспоненттер қатарында 400-ден астам компанияны күтуде, бүгінгі күні Беларусь, Бельгия, Германия, Индонезия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Нидерланды, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Словения, АҚШ, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея компаниялары өз қатысуларын растады.

Қатысушылар өз өнімдерін тамақ саласының барлық сегменттері бойынша ұсынды: өңдеу, қуыру, кептіру, суық қойма, буып-түю және т.б., мейрамхана-қонақ үй бизнесіне арналған жабдықтар мен өнімдерден бастап, дайын өнімдер мен сусындардың кең ассортиментіне дейін – кондитерлік өнімдер, сүт және ет өнімдері, снектер мен бакалея, шай мен кофе, сондай-ақ қоспалар мен дәмдеуіштерге дейін.

Жыл сайын FoodExpo Qazaqstan Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің, салалық одақтар мен қауымдастықтардың қолдауымен өтеді.

Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық ITECA көрме компаниясы болып табылады.

Көрмені ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдардың, ДДСҰ және Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының (UFI) ұсынымдарын басшылыққа алды және көрме барысында COVID 19 таралуын болдырмау үшін санитарлық-гигиеналық сипаттағы барлық іс-шараларды, санитарлық өңдеуді және дезинфекциялауды қамтамасыз етілді.