Главная Новости «Біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді толықтай білеміз бе?»
15 қараша 2021                  318983
«Біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді толықтай білеміз бе?»

Соңғы уақытта еліміздің бірқатар оқу орындарында, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, топтық төбелес жиі орын алып жатқанына байланысты барлық колледж студенттерімен Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу басында полиция майоры Ә.М. Әлімбекова қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып өтті. Құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берді.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жазасын өтеу коллониясы жайлы арнайы дайындалған видеоролик көрсетілді. Колледж студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауап алды. Кездесу соңында колледж директоры М.Х. Шалабаева студенттерге құқық бұзушылықтың қай кезде де жақсылыққа апармайтынын айтып, тәртіпті, үлгілі көшбасшы болуға шақырды.