Главная Новости ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова «Өзгермелі әлемдегі жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі» тақырыбында форумға қатысты
23 қараша 2021                  319077
ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова «Өзгермелі әлемдегі жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі» тақырыбында форумға қатысты

28-29 қазанда «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қолдауымен «Өзгермелі әлемдегі жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі» тақырыбында Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша IV жыл сайынғы Еуразиялық форум өткізді.Бұл форумға Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры  Г.Ә.Сәрсенбекова қатысты.

  Форумның  негізгі мақсаты - жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыз етудің тиімді ішкі жүйесін талқылау және дамыту арқылы жоғары оқу орындарының басшылары, әкімшілері, оқытушылары, студенттері мен жоғары оқу орындарының мүдделі тараптары арасында жоғары оқу орындарында сапа мәдениетін дамыту.

  Форум бағдарламасында ректорлар, проректорлар және Қазақстанның жетекші университеттерінің, сондай-ақ Австрия, Біріккен Корольдік, Германия, Испания, Литва, Бельгия, Эстония, Әзірбайжан және Ресей Федерациясы аккредиттеу агенттіктері мен жоғары оқу орындарының өкілдері әртүрлі тақырыпта баяндама жасады.Форум барысында қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жиын соңында сертификаттар тапсырылды.