Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры Ұстаздар күні Құтты болсын!
2 қазан 2021                  318841
Ұстаздар күні Құтты болсын!

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

Қазақстан инженерлік техникалық универсиетінде ұстаз мерекесіне орай ұстаздарға шара өткізілді.Шараға ҚазИТУ студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Әрбір студентке білім беруден жалықпайтын оқытушыларға студенттерден жылы лебіздер айтылды. «Ұстаздар күні» мерекесіне орай университет өміріне белсенді араласып, алға қойған стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда және сапалы мамандар даярлауда қосқан үлесі үшін «Жаратылыстану –ғылыми пәндері» кафедрасының оқытушысы лектор Турсбекова Галия Жанмолданова Ректордың алғыс хатымен марапатталды.