Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Менің мамандығым – менің болашағым!
25 қазан 2021                  318890
Менің мамандығым – менің болашағым!

2021 жылдың 11 қыркүйегінде  Қазақстан инженерлік-технологиялық Университетінде  «Технология жабдықтар және стандарттау» кафедрасының  кураторы А.С. Калыкованың басшылығымен «Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбына арналған студенттер мен кураторлардың қатысуымен ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараға кафедраның оқытушылары және факультеттің студенттері қатысты.

А.С. Калыкова бұл мамандықтың маңыздылығын, мамандық барлық жерде сұранысқа ие екендігі туралы айтып өтті.

Кафедра меңгерушісі  А.М.Отыншиева кафедра тарихын айтып берді. Бұл мамандық қалай ашылды және бүгінгі таңда қанша түлек түлеп ұшты, барлығын болашақ тәжірибе мен жұмысқа орналасу орындарымен таныстырды, бұл мамандықты таңдағандар келешекте дұрыс таңдау жасалғанына риза болатыны туралы айтып өтті.