Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттік қайраткер және әлемдік саясаткер
6 желтоқсан 2021                  318915
Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттік қайраткер және әлемдік саясаткер

Қазақстан инженерлік-технологиялық Университетінде  «Технология жабдықтар және стандарттау» кафедрасында 30 қараша 2021 жылы сағат 16:00 де «Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттік қайраткер және әлемдік саясаткер» атты тақырыпта ашық дәріс өткізді.  Іс-шараны кафедра меңгерушісі Отыншиева Ажар Муратовна жүргізді.

Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жайлы әңгімелеудің өзі – бақыт. Олай деудің себебі – басынан бейнеті арылмаған, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тәуелсіздіктің қыл бұғауынан мәңгілік азат болуы – осы есіммен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз жылдар бойы қан төгіп, күрессе де ала алмаған тәуелсіздікке біз тек өткен ғасырдың соңын ала ғана қол жеткіздік.
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген  Нұрсұлтан Назарбаев жасынан отбасына мейірімді, іні-қарындастарына қамқор, ата-анасының нағыз сүйеніші болып өсті. Шаруаға икемді, тіл алғыш, үлкен-кішіге ілтипатты бала үй-ішіне азық-түлік, малына жем-шөп тасумен өзі де айналысатын болған. Мектепте озат оқып, ылғи алдыңғы қатарда көрінетін, сыныптас достарынан да көмегін аямайтын. Мінезі орнықты, ісіне тындырымды да сабырлы Нұрсұлтан жаңалыққа жаны құмар жігіт болып өсті. Ол алғаш, барлық алғыр балалар сияқты, ұшқыш болуды армандаған, кейін ол ойынан бас тартты.  Нұрсұлтан Назарбаев қазір экономика ғылымдарының докторы, академик. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған игілікті істерге тоқталатын болсақ, ең бастысы, 40 жыл бойы 459 рет жер беті және жер асты ядролық жарылысын жасап, адамзат баласына ажал оғын төгіп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Астананы Елордаға көшірудің де ұлт тұтастығын, ел тыныштығын ойлаған Елбасының көреген бастамасы екендігі бүгінде баршаға аян. Қазіл бұл қала әлемді таңғалдырып отырған, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған сәулетті де сәнді елордаға айналды.
Қарап отырсаңыздар, қаншама ірі мемлекеттік мәселелер Елбасы көрегендігімен әрдайым оңтайлы шешімін табуда. Қытай мен Ресей сияқты алып мемлекеттермен арадағы шекараның жайы – Нұрсұлтан Әбішұлы бейбіт жолмен шешкен халықаралық мағынадағы ең сүбелі мәселелердің бірі емес пе?! Ал қазақтың ана тілін мемлекеттік тіл етіп, мәртебесін жоғарылатқан кереметті айтсаңызшы! Тұтастай мемлекет болып ана тілімізде ойлап, ана тілімізде сөйлейтін халге жеткеніміз жеңіс емей немене?!  Халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға, қазақ ұлты санының өсуіне бар мүмкіндік пен жағдай жасалуда...
Нұрсұлтан Назарбаев халық тілегімен өткен 2005 жылғы сайлауда қайтадан Президент болып сайланды. Бұл – Елбасыға халқы тарапынан жасалған зор құрмет екені анық.– деп дәрісті қорытындылады.