Главная Новости ҚазИТУ студенттері «Winter Run» қысқы жүгіру марафонына қатысты
21 ақпан 2022                  318903
ҚазИТУ студенттері «Winter Run» қысқы жүгіру марафонына қатысты

20 ақпанда Алматы қаласы бойынша  «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен ,  «Winter Run» қысқы жүгіру марафоны өтті. Қысқы суыққа қарамастан,  аталмыш марафонда  10 - 80 жас аралығындағы кәсіби спортшылар мен еріктілер бақтарын сынап, белсенділік танытты.  Денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған шараға  Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысып, қолдау білдірді. Керемет көңіл-күй мен қызыққа толы өткен сайыс, қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздерін алға қоя отырып, аталмыш марафонды университет қабырғасында өткізуді де жоспарға енгізді.