Главная Новости " Sanaly urpaq "республикалық жобалық кеңсесі сертификат табыстады
5 сәуір 2022                  318927
" Sanaly urpaq "республикалық жобалық кеңсесі сертификат табыстады

28 наурыз-1 сәуір аралығында  "Тұран" университеті жанындағы "Sanaly Urpaq" жобалық кеңсесі "Google Meet"платформасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кезекті III онлайн-мектеп дәрісін  өткізді. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты- тыңдаушылардың азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы неғұрлым кең білім алуына негізделді.

 

Республика көлемінде өткен іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе,Павлодар қалаларынан түрлі оқу орындарының оқытушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, "Саналы ұрпақ" студенттік клубтарының белсенділері қатыстысып, барлығы 150 адам тіркелді. Соның ішінде Қазақстан инженерлік - технологиялық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жетекшісі Д.А.Ашимбев пен Есептеу техникалары , автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасының студенті Ф.Есенәлі қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданбалы құралдар мен қадамдық ұсынымдар» тақырыбында дәріс жүргізді. Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибеге шолу, Қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға шолу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді ынтымақтастықтың нақты мысалдары, Сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарын жеңу үшін қолдануға болатын стратегиялар сынды тақырыптар аясында баяндама жасалды. Жиын соңында " Sanaly urpaq "республикалық жобалық кеңсесі, өткізілген онлайн-мектептің дәріскерлері мен түлектеріне сертификат табыстады.