Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «In pricipio erat verbum» әдеби-интеллектуалды клубы Дүниежүзілік поэзия күнін атап өтті
8 сәуір 2022                  318889
«In pricipio erat verbum» әдеби-интеллектуалды клубы Дүниежүзілік поэзия күнін атап өтті

      7 сәуірде  Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен, ҚазИТУ ғылыми кітапханасында "Поэзия – ғажайып ел..." тақырыбында "In pricipio erat verbum" әдебиет клубының кезекті отырысы өтті. Дүниежүзілік поэзия күніне арналған әдеби іс-шараға Автоматтандыру және басқару, туризм, бағдарламалық инженерия және биотехнология мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

     Кездесуде қатысушы студенттер  А.С. Пушкин, С. Есенин, А. Блок, Ж. Жабаев, В. Асадов сынды әдебиет майталмандарының шығармаларын жарыса оқыды. Іс-шараны ұйымдастырушы студенттер Әбдіғали Адель, Әбдірейім Жанерке Дүниежүзілік поэзия күнінің тарихы туралы баяндап , дүниежүзі бойынша әр мемлекетте қалай тойланатыны жайлы бейне жазба көрсетті. Клуб жетекшісі  Аға оқытушы Р.Д. Абилова іс – шараға қатысушы студенттерді құттықтап, "Дүниежүзілік поэзия күні-ақындарды құрметтеу, ақындық оқулардың ауызша дәстүрлерін жаңғырту, оқуға деген қызығушылықты арттыру, барлық континенттер халқын біріктіру мүмкіндігі туралы өзекті тақырыпта сөз қозғады.  Кездесу өте жылы атмосферада өтті, поэзияның сұлулығын жаңаша сезінуге, олар туралы білмеген көптеген талантты студенттерді естуге таптырмас мүмкіндік болды.