Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры ҚазИТУ мен Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бірлесіп , Қазақстандағы бағбандықты дамыту перспективаларын талқылады
28 сәуір 2022                  319013
ҚазИТУ мен Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бірлесіп , Қазақстандағы бағбандықты дамыту перспективаларын талқылады

28 сәуірде Қазақстан инженерлік-технологияялық университетінде, "Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агробіліктану" білім беру бағдарламасы бойынша ,студенттерге арналған "Қазақстандағы бағбандықты дамыту перспективалары" тақырыбында, Технология, жабдықтар және стандарттау  кафедрасы мен Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бірлесіп кезекті семинар өткізді. Жиында Технология, жабдық және стандарттау  кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Ж. Қазыбаева, "Өсімдіктерді қорғау" зертханасының меңгерушісі С. Б. Қарабаева тақырып аясында баяндама жасады.

 

Семинар барысында С.Ж.Қазыбаева "Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің перспективті сорттары" тақырыбында сөз қозғап, алма, жүзім, таңқурай, алмұрт және т.б. жаңа және перспективалы сорттар туралы ақпарат берді..Нарықта қандай мамандар сұранысқа ие және қандай дағдыларға ие болу керек деген мәселе талқыланды. М.В. Уразаева «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы бау-бақшаны дамыту перспективалары. Қарқынды бақтарды өсіру технологиясы " тақырыбнда баяндама жасады. Бау-бақшаның ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары, Қазақстанның бау-бақша саласын дамытудағы күшті және әлсіз жақтарын талқылады.

 

Семинар соңында "Жеміс өсіру және агробіліктану" білім беру бағдарламасы бойынша 1,2,3 курс студенттері түрлі сұрақтар қойып, белсенділік танытты.