Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры "Жаныңда жүр жақсы адам!" шығармашылық кеші өтті
29 сәуір 2022                  318886
"Жаныңда жүр жақсы адам!" шығармашылық кеші өтті

КазИТУ ғылыми кітапханасында ‘’Жаныңда жүр жақсы адам’’ айдарында философия ғылымдарының докторы, профессор Котошева Кайни Кенжетайқызымен кездесу кеші өтті. Кешіміздің сыйлы қонағына студенттер өздерінің көкейінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, әңгімеге тартып, басқа қырларынан танып білді. Ұстаз өзінің жүріп өткен жолымен, жеткен жетістіктерімен бөлісіп , терең білім алып өмірден өз орындарын табуға зор үлес қосып, шәкірттеріне ақ батасын берді.
    Кешке  ұстаз еңбектерінен және ол туралы мақалалар, фотосуреттермен көмкерілген мағыналы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш соңын хор ‘’Ұстазым’’ әнімен әсемдеп, студенттер керемет көңіл күймен, қимастықпен қоштасты.