Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры ҚазИТУ студенті Халықаралық турнирде қола жүлдені иеленді
14 маусым 2022                  319043
ҚазИТУ студенті Халықаралық турнирде қола жүлдені иеленді

2022 жылы 8-29 мамыр аралығында Нұр-сұлтан қаласында, Қазақстан Республикасы джиу-джитсу қауымдастығы, AJP халықаралық ұйымы мен Нұр-сұлтан  қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен ,  джиу-джитсу спорт түрінен өткен   AJP Kazakhstan National Pro халықаралық турнирінде,  Қазақстан инженерлік –технологиялық университетінің 4 курс студенті Эльшат Мадьяров ,69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында ұйымдастырылған жарысқа, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Бразилия мемлекеттерінен 1600-ға жуық спортшы қатысып, 60 клуб өнер көрсетті.

 

Бірнеше алпауыт мемлекеттердің басын қосқан дүбірлі додада оза шауып, өз тобынан үздік шыққан Эльшат Мадьяров, жастар арасында ішкі мәдениетті, мінез-құлықты, ерік-жігерді тәрбиелеу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтыруымен айналысу қазіргі заман талабы екенін атап өтті. Осы тұста спорт сүйер жастарға қолдау көрсетіп, сенім білдірген Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне алғыс білдіре отырып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда білім ордасының рөлі орасан зор екенін жеткізді. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің беделін асқақтатып, туын көкке желбіреткен Эльшат Мадьяров ,алдағы уақытта әлемді бағындырар спортшы болатынына сенім білдіреміз!